Лувр мұражайының директоры: Иран өркениеті Еуропаның қазіргі өркениеттерінің қалыптасуына көп әсер етті
(last modified Mon, 05 Mar 2018 16:49:19 GMT )
Нау 05, 2018 22:49 Asia/Almaty
  • Лувр мұражайының директоры: Иран өркениеті Еуропаның қазіргі өркениеттерінің қалыптасуына көп әсер етті

Францияның Лувр мұражайының директоры Иранның бұрынғы өркениеті мен тарихының Еуропаның қазіргі өркениетінің қалыптасуына көп әсер еткенін баса айтты.

Лувр мұражайының директоры Жан-Люк Мартинес бүгін «Лувр Теһранда» деген көрменің ашылу рәсімінің баспасөз отырысында Иранның ұлттық мұражайы ғимаратының француз сәулетшісі André Godard тарапынан жобаланып, салынғанын тілге тиек етіп: «Он тоғызыншы ғасырда Иран мен Франция арасында ежелгі мұраларды зерттеу бойынша келісімдерге қол қойылды. «Теһрандағы Лувр» көрмесі - Иран мен Франция президенттерінің 2016 жылғы келісімдерінің нәтижесі. Көрмеден ежелгі Мысыр мен Византия, Месопатамияның және Франция корольдігінің ескерткіштері көзге түседі. Иран мен Франция серіктестіктері аясында наурыздың 28 күні де Францияда Иранның Қажарлар кезеңіндегі ескерткіштерінің көрмесі өтеді. Көрмеге қойылатын ескерткіштер Гүлстан сарайы мен Иранның ұлттық мұражайынан таңдалып алынды» деді.   

Лувр мұражайының 56 ескерткіші бүгін дүйсенбі күні алғаш рет 50 мүсін, шығыңқы бедер, ыдыс, картина, литография мен иламдық шаһтың жазбалары бар қола балға мен Лорестаннан табылған қола заттан тұратын ескерткіштермен жұрт назарына ұсынылды.