Трамп Нетаньяхумен кездесуде сионистік режимді қолдады
(last modified Tue, 06 Mar 2018 09:15:24 GMT )
Нау 06, 2018 15:15 Asia/Almaty
  • Трамп Нетаньяхумен кездесуде сионистік режимді қолдады

АҚШ Президенті сионистік режимнің премьер-министрімен кездесуде бұл режимнің басып алынған аймақтардағы ұстанымдарын қолдап, АҚШ елшілігінің Құдста ашылу рәсіміне қатысу ықтималы туралы айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Дональд Трамп дүйсенбі күні Бениямин Нетаньяхумен Ақ үйдегі кездесуінде: "АҚШ елшілігін Құдсқа ауыстыру – тарихи мұрсат. Сондықтан, біз бұл істі жылдам іске асырғымыз келеді",- деді.

АҚШ Президенті елінің елшілігі ғимаратының Құдстағы құрылыс жұмыстарының басталуына тоқталып: "Бұдан бұрын АҚШ елшігін Құдсқа ауыстыру туралы  уәде берегеніміздей, оны орындауға дайынбыз. Қажет болса, елшіліктің ашылу рәсіміне өзім қатысамын. АҚШ пен Израиль арасындағы қарым-қатынас еш уақытта мұндай жақын болған емес",- деді.

Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху де кездесуде АҚШ Президентіне басып алынған Құдсты Израильдің астанасы ретінде ресми танып, бұл елдің елшілігін Құдсқа ауыстыру талпынысына алғыс айтып: "Израиль өзінің дамуы үшін АҚШ-тың қолдауына борыштар",- деді. Ол сонымен қатар Иранды ядролық қару шығаруға талпынумен айыптап, АҚШ-тан Иранға қарсы қысымдарды күшейтуді талап етті.

Нетаньяху сионистік режимнің аймақты басып алу әрекеттерін жалғастыруына және Палестина, Ливан мен Сирия жерлеріне шабуыл жасауына тоқталмай: "Таяу Шығыс аймағындағы ең үлкен дағдарыс – Иран",- деген уәж айтты.