Шри-Ланкада мұсылмандарға шабуыл жасалғаннан кейін төтенше жағдай жарияланды
(last modified Tue, 06 Mar 2018 14:45:51 GMT )
Нау 06, 2018 20:45 Asia/Almaty
  • Шри-Ланкада мұсылмандарға шабуыл жасалғаннан кейін төтенше жағдай жарияланды

Шри-Ланка үкіметі осы елдің бір қаласында буддистер тарапынан мұсылмандардың дүкендеріне шабуыл жасалғаннан кейін 15 күнге төтенше жағдай жариялады.

Әсірешіл буддистердің бір тобы дүйсенбі күні осы қаладағы мұсылмандардың бірнеше дүкеніне шабуыл жасап, оларды өртеп жібергеннен кейін Шри-Ланканың Канди қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Соңғы бес жыл ішінде буддистердің Шри-Ланкадағы мұсылмандардың сауда орталықтарына жасаған шабуылдарында бірнеше мұсылман қаза тауып, бірқатары жараланды.