Нетаньяху: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы өзгертілуі немесе жойылуы керек
Сионистік режимнің премьер-министрі сейсенбі күні "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзғысы келетін АҚШ Президентін қолдайтын ел Конгресінің басшыларымен кездесуінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын өзгерту немесе оның күшін жою керектігін қуаттады.
Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Бениямин Нетаньяху сейсенбі күні АҚШ-Израиль қоғамдық істері комитетінде (AIPAC) сөз сөйлегеннен кейін америкалық заң шығарушылар, демократтар мен республикашылар партияларының басшыларымен, атап айтқанда Сенаттағы республикашылардың лидері Митч Макконнеллмен, Сенаттағы демократтар партиясының мүшесі Чак Шуммер және Өкілдер палатасының спикері Пол Райанмен кездесіп, пікір алмасты.
Сионистік режимнің премьер-министрі кездесулерде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы көптеген кемшіліктерге ие деген уәж айтып, АҚШ басшыларынан бұл кемшіліктерді шешуге талпыныс жасауды сұрап: "Егер кемшіліктер шешілмесе, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының күшін жою керек",- деді. Нетаньяху бұдан бұрын да сан рет "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын өзгерту немесе мүмкіндік болса күшін жоюды талап еткен болатын.