Хошру: Иран Ауғанстанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қолдайды
БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі бейсенбі күні қауіпсіздіктің болмауын Ауғанстанның үлкен қиындығы деп атап, ИИР-ның Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауын әрдайым қолдайтынын баса айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ғоламәли Хошру БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ауғанстан және БҰҰ-ның осы елге көмектесу жөніндегі міндетін жүзеге асыруды жалғастыру тақырыбында өткен отырыста Ауғанстандағы лаңкестік топтардың шабуылдары мен белсенділігіне тоқталып: "Ауғанстанның Ұлттық бірлік үкіметі лаңкестік топтармен, соның ішінде Талибандар, әл-Каида, ДАИШ пен соларға қарасты топтармен күресу майданының алдыңғы шебінде орналасқан",- деді.
Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Иранның бейбітшілікке қол жеткізу үшін бітім жасау туралы «ауғандық-ауғандық» сұхбаттасуды қолдайтынын баса айтып, халықаралық қауымдастықтың лаңкестікпен күрес пен осы елдің қауіпсіздік, экономикалық және саяси қиындықтарын шешуде Ауғанстан үкіметіне үнемі қолдау көрсетуін қажеттілік деп атады.
Хошру бұл отырыста сондай-ақ, Иранның миллиондаған ауғандық босқынды қабылдағанына сілтеме жасап: "Иран соңғы жылдары Ауғанстанда құны 500 миллион доллардан астам даму және абаттандыру саласында, әсіресе тасымал, транзит пен сауда-саттық инфрақұрылымдарын нығайту саласында 300-ден астам жобаны жүзеге асырды",- деді.