Макрон Трампқа сауда соғысында барлық тараптың жеңілетінін қуаттады
(last modified Sat, 10 Mar 2018 08:35:40 GMT )
Нау 10, 2018 14:35 Asia/Almaty
  • Макрон Трампқа сауда соғысында барлық тараптың жеңілетінін қуаттады

Франция президенті Эммануель Макрон жұма күні кешке америкалық әріптесі Дональд Трамппен телефон арқылы сұхбатта: "Болат пен алюминий импорты тарифтерінің артуы барлық тарап жеңілетін сауда соғысының пайда болу қатеріне соқтырады",- деп баса айтты.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Макрон телефон арқылы сұхбатта: "Еуропа одағы халықаралық сауда заңдарына қайшы әрекеттердің барлығына айқын әрі тиісті түрде жауап береді",- деді.

Сонымен қатар Еуропа одағының Сауда істері жөніндегі комиссары Сесилия Мальмстрем жұма күні АҚШ президенті Дональд Трамптың болат пен алюминий импортына салық салу туралы жарлыққа қол қойғаннан кейін: "Еуропа одағының бұл салықтардан босатылатындығына үміттенеміз. Себебі, кері жағдайда Еуропа одағы да америкалық тауарларға қатысты шұғыл шара қолдануға әзір",- деді.

Еуропа одағының Сауда істері жөніндегі комиссары Брюссельдегі АҚШ-тың The German Marshal Fund институтында сөйлеген сөзінде: "Еуропа одағы үшін сұхбаттасу әлі де бірінші таңдау болып қалады",- деп баса айтты.

Трамп бейсенбі күні халықаралық ескертулерге қарамастан, алюминий мен болат импорты тарифтерін арттыру туралы жарлыққа қол қойды.

 

 

Тегтер