Ұлыбритания елшісі ИИР СІМ-не шақыртылды
(last modified Sun, 11 Mar 2018 08:42:09 GMT )
Нау 11, 2018 14:42 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания елшісі ИИР СІМ-не шақыртылды

Ұлыбританияның Ирандағы елшісі Иранның Лондондағы елшілігіне шабуыл жасалғаннан кейін ИИР СІМ-не шақыртылды.

Бірнеше адам Иранның Лондондағы елшілігіне шабуыл жасап, ИИР-ның туына құрметсіздік көрсеткеннен кейін Ұлыбританияның Теһрандағы елшісі Николас Хоптон сенбі күні ИИР СІМ-нің Еуропа істері департаментінің басшысы тарапынан шақыртылып, оған Теһранның наразылығы жарияланды.

ИИР СІМ-нің Еуропа істері департаментінің басшысы Ұлыбритания үкіметінен дипломаттар мен дипломатиялық орындарды сақтауға қатысты өз міндетін орындап, ИИР-ның дипломатиялық мекендерін қорғау шараларын арттыруды сұрады.

Ұлыбританияның Теһрандағы елшісі болған жағдайға тағы да өкініш білдіріп, елінің полициясының атқарған шараларын баяндап, Иранның Лондондағы елшілігіне шабуыл жасағандардың құрықталғанын, Иранның наразылығының шұғыл түрде Лондонға жеткізіліп, тиісті жауап алынатынын мәлімдеді. 

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Аббас Арақчи да жұма күні кешке ИИР-ның наразылығын Ұлыбританияның Ирандағы елшісіне жариялады.