Зариф: Иран Пәкістанды электр қуатымен қамтамасыз етуге әзір
(last modified Mon, 12 Mar 2018 14:52:03 GMT )
Нау 12, 2018 20:52 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран Пәкістанды электр қуатымен қамтамасыз етуге әзір

Иранның Сыртқы Істер Министрі Исламабадта өткен Иран мен Пәкістанның сауда форумында Теһранның Пәкістанның электр қуатына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етуге әзірлігін жариялады.

Мохаммад Джавад Зариф бүгін дүйсенбі күні өткен форумда Иранның Пәкістанға газ тасымалдау құбыр жолын салу үшін дайындық шараларын әзірлеп жатқанына тоқталып: «Теһран Ираннан Пәкістанға газ экспорттау туралы келісім саласындағы өзінің міндеттемелерін жүзеге асыру бойынша осы уақытқа дейін 2 млрд доллардан астам қаржы жұмсады. Енді пәкістандық достардың келісімдегі міндеттемелерін орындауын күтіп отыр» деді.

Иранның СІМ Қытай мен Пәкістанның ортақ экономикалық дәлізі туралы айтқан сөзінде: «Иран соңғы он жылдықтарда таңылған соғыс және секталық қақтығыстар сияқты апаттарға душар болып отырған аймақ халықтарының әл-ауқатының жақсаруына себеп болатын кез келген жобаға, соның ішінде Қытай мен Пәкістанның экономикалық дәліз жобасына қосылуды құптайды» деді.

Пәкістанның Сыртқы Істер Министрі Хавадже Мохаммад Асеф те Иран Пәкістанның сауда форумында Иран СІМ-нің екі ел арасындағы сауда ынтымақтастықтарын нығайту үшін жасаған ұсынысын мақұлдап, Пәкістан үкіметінің екі елдің сауда палаталары арасындағы серіктестіктерін нығайту үшін талпыныс жасап жатқанын айтты.