Иран мен Пәкістанның Сыртқы Істер Министрлері ортақ ынтымақтастықтарды нығайту қажеттігін қуаттады
(last modified Mon, 12 Mar 2018 15:25:42 GMT )
Нау 12, 2018 21:25 Asia/Almaty
  • Иран мен Пәкістанның Сыртқы Істер Министрлері ортақ ынтымақтастықтарды нығайту қажеттігін қуаттады

ИИР мен Пәкістанның Сыртқы Істер Министрлері саяси және экономикалық ортақ ынтымақтастықтарды нығайту қажеттігін қуаттады.

Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Пәкістан СІМ Хадже Мохаммад Асефпен Исламабадта кездесуінде дос әрі көршілес және ортақ шекараға ие елдер Иран мен Пәкістанның шекараларының қауіпсіздігіне кепілдік беріп, лаңкестік операцияларға тосқауыл қою үшін мықты серіктестіктерге ие болуы керектігін баса айтты.

Хадже Мохаммад Асеф та Иран СІМ-нің келген қадамына қошамет білдіріп, Теһран мен Исламабадтың саяси-экономикалық байланыстарын арттыруды қажеттілік деп атады.

Зариф пен Асеф сонымен қатар Ауғанстандағы бейбітшілік үдерісіне көмектесу, әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтарды кеңейту, шекаралық базарларды дамыту, ислам әлемі мен халықаралық тақырыптар, Иран тарапынан имам Резаның кесенесіне келетін пәкістандық зияратшылар үшін көбірек жеңілдік қалыптастыру, аймаққа тұрақтылық пен бейбітшілікті қайтаруға көмектесу, лаңкестік және экстремистік топтар мен есірткі заттарының контрабандасымен күресу туралы пікір алмасты.