Қарабақ аймағында қатты қақтығыстар жүріп жатыр
(last modified Sat, 02 Apr 2016 14:43:56 GMT )
Сәу 02, 2016 20:43 Asia/Almaty
  • Қарабақ аймағында қатты қақтығыстар жүріп жатыр

Білікті дереккөздері Қарабақ аймағында Әзірбайжан республикасының қауіпсіздік күштері мен Арменияның әскери күштері арасында қатты қақтығыстар болып, аймақта атыс тоқтату бітімінің бұзылғанын хабарлады.

Осы дереккөздері Арменияның әуе қорғаныс күштері аймақта Әзірбайжан республикасының бір әскери тікұшағын құлатқанын хабарлады. Әзірбайжан республикасының армиясы Арменияның уәждерін теріске шығарып отыр.

Арменияның Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жариялап «Әзірбайжан республикасының қауіпсіздік күштері танк және зеңбірек пайдаланып, Қарабақтың қорғаныс шебін бұзбақ болды, бірақ Қарабақ күштерінің қарсыласуымен осы шабуыл залалсыздандырылды» деп мәлімдеді.

Әзірбайжан республикасы мен Армения қайраткерлері бірін- бірі қақтығыстарды бастаумен айыптап отыр. Әзірше осы қақтығыстарда болған адам шығынының саны туралы мәлімет жарияланған жоқ.

Қарабақ дауы 1988 жылы Арменияның Әзірбайжан республикасына қарсы жер дауын қозғауымен басталды. Осы кикілжіңнің нәтижесінде Армения күштері Қарабақ аймағы мен оның іргесіндегі жеті ауданды жаулап алды.