БҰҰ Мьянма мұсылмандарына қарсы геноцидтің қайталану ықтималын ескертті
(last modified Wed, 14 Mar 2018 16:04:22 GMT )
Нау 14, 2018 22:04 Asia/Almaty
  • БҰҰ Мьянма мұсылмандарына қарсы геноцидтің қайталану ықтималын ескертті

БҰҰ бас хатшысының геноцидке тосқауыл қою істері бойынша арнайы кеңесшісі Мьянма үкіметінің Рахкайн штатындағы рохинья мұсылмандарына қарсы тағы геноцид жасауды мақсат етіп жатқанына қатысты ескерту жасады.

Sky News телеарнасының мәліметіне сәйкес, БҰҰ бас хатшысының геноцидке тосқауыл қою істері бойынша арнайы кеңесшісі Адама Динг барлық мәліметтердің Мьянма үкіметінің Рахкайн штатын рохинья мұсылмандарының болмысынан жойып жіберуді мақсат етіп отырғанын көрсететіндігіне қатысты ескерту жасады.

Жақында ғана Бангладештегі рохинья босқындарының қосындарын көріп қайтқан Динг: «Естіп, көзіммен көрген қиыншылықтардан Мьянма үкіметі мен халықаралық қауымдастықтың қол ізі байқалады» деді.

Рохинья мұсылмандарына қарсы қатігіздіктер Мьянмада 2017 жылдың тамыз айының соңында басталды.