Мәскеу Ұлыбританияның Ресейге қарсы шараларына қарымта жауап қайтарды
(last modified Sun, 18 Mar 2018 08:59:31 GMT )
Нау 18, 2018 14:59 Asia/Almaty
  • Мәскеу Ұлыбританияның Ресейге қарсы шараларына қарымта жауап қайтарды

Ресей СІМ Ұлыбританияның 23 дипломатының алдағы бір аптаның ішінде Ресейден шығуы керектігін мәлімдеді. Мәскеу, сондай-ақ, Ұлыбританияның Ресейдегі мәдени орталығының жұмысын тоқтатып, бұл елдің Санкт-Петербург қаласындағы консулдығын жабуға шешім қабылдады. Ресей СІМ сонымен қатар Лондонға Ресейге қарсы жаңа шара қолданатын болса, өзінің қарымта әрекет жасауға құқығының барын ескертті.

Ресей СІМ Ұлыбританияның 23 дипломатының алдағы бір аптаның ішінде Ресейден шығуы керектігін мәлімдеді. Мәскеу, сондай-ақ, Ұлыбританияның Ресейдегі мәдени орталығының жұмысын тоқтатып, бұл елдің Санкт-Петербург қаласындағы консулдығын жабуға шешім қабылдады. Ресей СІМ сонымен қатар Лондонға Ресейге қарсы жаңа шара қолданатын болса, өзінің қарымта әрекет жасауға құқығының барын ескертті.

Ресей мен Ұлыбритания арасындағы саяси дағдарыстың басталуына бұрынғы ресейлік тыңшы Сергей Скрипаль мен оның 33 жастағы қызы Юлияның химиялық затпен улануы себеп болды. Бұл дағдарыс қазір бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Дағдарыс Мәскеу мен Лондонның екіжақты қарым-қатынасын ғана емес, Ресей мен Батыс елдері әріптестігінің болмысы мен тәсілін жаңа кезеңге енгізеді. Лондон  улану оқиғасын ресейлік агенттер тарапынан жоспарланып, орындалған әрекет деп санайды. Ұлыбританияның БҰҰ-дағы өкілінің орынбасары Джонатан Ален Ресейді химиялық қару қолданды деп айыптап: «Ресей тарихындағы халықаралық заңдарды бұзу жайттары айқын»,-деген уәж айтты.  Мәскеу бұл айыптауларды теріске шығарып, Лондонның осындай айыптаулар арқылы әлемдік қауымдастықтың назарын бұрмалауды көздейтінін айтты. Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Гэвин Уильямсон осы елде Сергей Скрипальға химиялық затпен жасалған шабуылды Мәскеу тарапынан істелген дөрекі әрекет деп атап, айыптау барысында: «Ресей жауап қайтарудың орнына шетке кетіп, үнсіздік танытуы керек»,-деді. Бұған қарсы Мәскеу де Лондонның ұстанымдары мен шараларына кесімді жауап берді.  Мәскеудің Лондонға қарсы дипломатиялық шараларының екі қыры бар: біріншісі – британдық дипломаттарды Ресейден шығару. Бұл шара бірқатар ресейлік дипломатты Ұлыбританиядан шығаруға берілген жауап болды. Екіншісі – Ұлыбританияның Ресейдегі мәдени орталығының жұмысын тоқтату. Мұның маңызы зор. Ресей СІМ Ұлыбританияның Ресейдегі мәдени орталығының жұмысын тоқтатудың себебін бұл орталықтың қазіргі жағдайының РФ заңдарына қайшы деп бағалануы деп мәлімдеді.  Бұған қарамастан мұның аталған себептен де маңызды дәлелдері бар. Солардың бірі – мұндай орталықтардың жасырын да әсерлі рөлі. Батыстықтар, әсіресе британдықтар осындай орталықтарды Ресейде ашу арқылы халықтың, әсіресе жастардың санасына әсер етіп, батыстық құндылықтарды таңуды көздейді. Бұл ұзақ мерзімде Ресей қоғамында батыстықтардың мүддесіне сай көптеген өзгеріс тудыруы мүмкін. Олардың көзқарасынша, Ресейде түрлі түсті революция жасауға қажетті шарт – бұл елде осындай әлеуметтік және идеологиялық негіз тудыру. Ұлыбритания мен АҚШ сияқты елдердің «мәдени» деп аталатын орталықтары тура осы мақсатты көздейді. Ресейде демократиялық құндылықтар мен бостандықтарды тарату мақсатымен жұмыс істейтін батыстық мемлекеттік емес басқа да ұйымдар осыған ұқсас мақсатты көздейді. Жексенбі күні Ресейде президенттік сайлау өтетінін ескерсек, Мәскеудің шарасы бұл ел үкіметінің, жанама түрде Владимир Путиннің кесімді жауабы саналады. Бұл оның ел арасында жақтастары артып, алдағы сайлауда көбірек дауыс жинауына себеп бола алады.