Лукашенко Руханиды Теһран-Минск қатынастарының 25 жылдығымен құттықтады
(last modified Mon, 19 Mar 2018 08:39:07 GMT )
Нау 19, 2018 14:39 Asia/Almaty
  • Лукашенко Руханиды Теһран-Минск қатынастарының 25 жылдығымен құттықтады

Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко Иран президенті Хасан Руханиды Теһран мен Минск арасында қатынас орнатылуының 25 жылдығымен құттықтады.

Parstoday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Александр Лукашенко жексенбі күні кешке Хасан Руханиге жолдаған хатында екі елдің ширек ғасырдың ішінде өзара қолдау мен құрмет көрсету аясында жоғары деңгейдегі саяси қатынастарын сақтай алғанына тоқталып: "Шетелдік кедергілерге қарамастан, Беларусь пен Иранның қиын-қыстау кезеңдерде халықаралық салаларда бір-бірінің ұстанымдарына өзара қолдау көрсетуі екі ел арасындағы терең қатынастардың көрсеткіші саналады",- деді.

ИИР президенті Хасан Рухани да мұның алдында Александр Лукашенконы екі ел арасындағы қатынастардың орнатылғанының жылдығымен құттықтады.

Сонымен қатар, Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф Беларусь СІМ Владимир Макейге жолдаған хатында осы елдің үкіметі мен халқын ИИР мен Беларусь Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 25 жыл толуымен құттықтады.