Иранның аймақтағы дипломатиясы белсенді болды
(last modified Sat, 02 Apr 2016 15:39:46 GMT )
Сәу 02, 2016 21:39 Asia/Almaty
  • Иранның аймақтағы дипломатиясы белсенді болды

Әзірбайжан республикасындағы Иран елшісі аймақта Иран дипломатиясының белсенді болғанын хабарлады.

Бакудегі Иран елшісі Мохсен Пакаин: «Иранның солтүстігіндегі Рамсарда Иран, Әзірбайжан республикасы және Түркия Сыртқы істер министрлерінің үш жақты саммитінің өткізілуі және Бакуде Каспий теңізі жағалауындағы елдер министрлері орынбасарларының саммиті аймақ елдерінің көп жақты ынтымақтастықты кеңейтуге назар аударып отырғанын көрсетеді.

Сейсенбі 5-ші сәуірде Рамсарда өтетін Иран, Түркия және Әзірбайжан республикасы Сыртқы істер министрлерінің үш жақты саммиті үш елдің халықаралық лаңкестікпен күрес, тауар тасымалдау мен транзит және сауда- саттық пен экономикалық ынтымақтастықтарды күшейту үшін маңызды қадам болады» деді.

Әзірбайжан республикасындағы Иран елшісі сондай- ақ Иран, Әзірбайжан республикасы және Ресей Сыртқы істер министрлерінің Бакудегі саммитінің 7- ші сәуірде өтетінін мәлімдеп: «Осы үш ел, әсіресе транзит сауда және энергия салаларында ынтымақтастық үшін жаңа негіздер табуды және аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауды көздейді» деп мәлімдеді.