Могерини: Еуропа Иранға жаңадан санкция салу туралы ұсыныс жасамайды
(last modified Tue, 20 Mar 2018 03:06:11 GMT )
Нау 20, 2018 09:06 Asia/Almaty
  • Могерини: Еуропа Иранға жаңадан санкция салу туралы ұсыныс жасамайды

Еуропа Одағының Сыртқы саясат басшысы осы ұйымға мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысында Иранға қарсы жаңадан санкция салу туралы ұсыныстың қарастырылмайтынын мәлімдеді.

ТАСНИМ хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Федерика Могерини дүйсенбі күні Еуропа Одағына мүше елдердің СІМ-нің отырысында Иран туралы айтылғанымен, бұл елге қарсы санкция салу туралы ешқандай ұсыныстың қарастырылмайтынын қуаттады.

Могерини «Ортақ қадам» келісімінің ортақ комиссиясының жұма күнгі отырысына сілтеме жасап, осы отырыстағы мәліметтер мен Венада өткен жақсы кездесулер жайлы Еуропа Одағы СІМ-нің ықтиярына тапсыратынын, отырыста сонымен қатар ядролық келісімді толық жүзеге асыруға көмектесетін тәсілдер туралы сұхбат өтетінін айтты.

Кейбір ақпарат құралдары жуырда Ұлыбритания, Германия мен Францияның Еуропа Одағының отырысында Иранның зымырандық бағдарламасына қарсы жаңа санкция салу туралы ұсыныс жасайтынын хабарлаған болатын.