Трамп Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен кездесуінде Иранға қарсы уәждерін қайталады
АҚШ Президенті сейсенбі күні Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманмен Ақ үйде кездесіп, ИИР-на қарсы уәждерін қайталады.
Трамп Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен кездесуінде Иранға қарсы уәждерін қайталады
"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Дональд Трамп бұл кездесуде: "Иран Таяу Шығыс пен әлемде дұрыс қатынас жасамады",- деген уәж айтты.
АҚШ Президенті сондай-ақ АҚШ пен Сауд режимі арасындағы қару-жарақ келісімдеріне тоқталып: "АҚШ Сауд Арабиясына көбірек қару сатқысы келеді",- деді.
Сауд Арабиясының тақ мұрагері сейсенбі күні екі апталық кездесулер үшін Вашингтонға келді.
Мұхаммад бен Салман 2017 жылдың маусым айының 21 күні билік басына келгеннен бері АҚШ пен Израильдің мүддесі үшін көп талпыныс жасады. Сауд режимі – Таяу Шығыс аймағындағы АҚШ-тың негізгі одақтастарының бірі. Трамп пен Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің кездесуі Йемен халқының АҚШ-тың қолдауына ие Сауд режимінің шабуылдарынан жәбір көріп отырғанына үш жыл болған жағдайда өтуде.