АҚШ-тың сенаторлары Болтонның сайлануына наразы
(last modified Fri, 23 Mar 2018 14:55:27 GMT )
Нау 23, 2018 20:55 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың сенаторлары Болтонның сайлануына наразы

АҚШ сенаторларының біразы Джон Болтонның соғысқұмар ұстанымдарын сынап, оның Ақ үйдің қауіпсіздік кеңесшісі ретінде сайлануына наразылық білдірді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбі күні кешке Твиттердегі жолдауында Герберт Макмастерді Ақ үйдің қауіпсіздік кеңесшісі міндетінен босатып, БҰҰ-дағы бұрынғы тұрақты елшісі Джон Болтонды оның орнына сайлағаны туралы жазды.

IRNА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Сенатының сыртқы қарым-қатынас комитетінің мүшесі Эд Маркей Твиттерде Болтонның экстремистік ұстанымдарына тоқталып, оның сайлануын АҚШ халқы үшін үлкен қатер деп ескертті. Аталмыш комитеттің келесі мүшесі Крис Мерфи де Твиттердегі парақшасында Болтонның Иран мен Солтүстік Кореяға алдын алу шабуылын жасаудың жақтасы екендігіне тоқталып, оның Ақ үйдің қауіпсіздік кеңесшісі болып сайлануына таңданыс білдірді. АҚШ-тың келесі сенаторы Кристофер Кунс те Макмастердің міндетінен босатылуына өкініш білдіріп, Болтонның Иран мен Солтүстік Кореяға қатысты ұстанымдарын басқыншылық, қауіпті деп атады.