АҚШ Сауд Арабиясына бір миллиард долларға қару сатуға келісті
https://itolqyn.com/news/world-i35726
Пентагон бейсенбі күні Сауд Арабиясына бір миллиард долларға қару сатуға келіскенін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 23, 2018 21:13 Asia/Almaty
  • АҚШ Сауд Арабиясына бір миллиард долларға қару сатуға келісті

Пентагон бейсенбі күні Сауд Арабиясына бір миллиард долларға қару сатуға келіскенін мәлімдеді.

IRNА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Пентагонның қарамағындағы Қорғаныс және қауіпсіздік ынтымақтастығы жөініндегі басқармасы (DSCA) Сауд Арабиясының 670 миллион долларға 6600-ден астам танкке қарсы зымыран, сондай-ақ, 300 миллион долларға қосалқы бөлшектер мен материалдқы-техникалық жабдықтар сатып алатынын хабарлаған.

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман сейсенбі күні екі апталық сапармен Вашингтонға келді. Мұхаммад бен Салман осы уақытқа дейін АҚШ басшыларының біразымен, соның ішінде Дональд Трамп пен Қорғаныс министрі Джеймс Мэттиспен кездесті.

Сауд Арабиясы АҚШ пен Британия сияқты кейбір еуропалық елдерден қару-жарақ сатып алып, Йемен халқын қырып-жоюды жалғастыруда.

Халықаралық ұйымдар мен Адам құқығы органдары, соның ішінде Адам құқығы инспекторлары сан рет АҚШ, Британия және Сауд режимін қолдайтын басқа үкіметтерден Риядқа қару сатуды тоқтатуды талап етті.