Женевадағы Иран өкілі: Иранға қарсы қарардың жобасы – әділетсіз әрі саяси әрекет
(last modified Sat, 24 Mar 2018 12:23:12 GMT )
Нау 24, 2018 18:23 Asia/Almaty
  • Женевадағы Иран өкілі: Иранға қарсы қарардың жобасы – әділетсіз әрі саяси әрекет

БҰҰ-ның Женевадағы Иранның өкілі Иранға қарсы қарардың жобасын әділетсіз әрі саяси әрекет, сондай-ақ Адам құқығы кеңесінің құрылған кезінде қабылдаған негіздері мен мақсаттарына сай емес деп атады.

БҰҰ Адам құқығы кеңесінің 37 отырысының соңғы күні 21 оң, 7 теріс және 19 қалыс дауыспен Иранға қарсы қарар бекітіліп, Иранға қатысты арнайы инспектордың жұмысы бір жылға созылды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мохсен Назариасл Иранға қарсы қарардың саяси мақсаттарын сынап, Ирандағы адам құқығының жағдайы туралы қарардың жобасын құқықтық негіздерден ада деп, оны кеңесті кейбір үкіметтердің саяси мақсаттары үшін пайдалану деп атады.

Назариасл Иран үшін арнайы инспектор белгілеуді БҰҰ Адам құқығы мәселесіне қатысты органдардың сенімін әлсірететін қажетсіз әрі қисынсыз шешім деп мәлімдеді.