Нау 24, 2018 20:05 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының айыптауы Ақ үйдің Иранға қарсы жаңа уәждерімен бір мезгілде  айтылды

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр бейсенбі күні Брукинг институтында аймақтағы лаңкестікке қарсы күрестің негізгі тіректерінің бірі саналатын Иранды лаңкестікті қолдаумен айыптап, Иранды аймақтың үлкен мәселесі деп атады.

 

Адел әл-Джубейр бұл уәждерін Сауд Арабиясы осы уақытқа дейін аймақты тұрақсыздық пен гибридтік соғыстарға итермелеген көптеген қателік жасаған жағдайда қайталады. Эр-Рияд өзінің аймақтағы саясаттарымен өткен ғасырдың 90 жылдарында әл-Қаида мен Талибанның құрылуына, қазіргі ғасырдың 2003 жылынан бері Ирактағы тұрақсыздық пен ДАИШ пен басқа да лаңкестік топтардың Ирак пен Сирияны билеуіне себеп болды. Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Йемен үш жылдан бері құрлық, теңіз және әуеден Сауд Арабиясы коалициясы тарапынан қоршауға алынған жағдайда Иранды Йеменге араласып, аймақта тұрақсыздық тудырды деп айыптауда.

Деректер Сауд Арабиясының 11-ші қыркүйек оқиғасына қатыстылығын көрсетеді. Бұл оқиғада ұшақты ұрлаған 19 адамның 15 саудиялық азаматтар болды. Алайда Рияд басшылары "Иран 11 қыркүйек шабуылдарын ұйымдастырды" деген масқара уәж айтуда. Саудиялықтар осындай негізсіз жобаларымен өз қателіктерін жасырмақ.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі АҚШ сапарында Трамптың ақылсыз әрекеттері мен Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі ретінде экстремистігі және соғысқұмарлығымен  танымал Болтонның сайлануын пайдаланып, жағдайды өз мүддесіне өзгертуге талпынуда.

Адел әл-Джубейр Джон Болтонның АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі болып сайланғаны туралы: "Ол – қатал адам. Оның Иранға қатысты ұстанымы ақылға қонымды",- деді.

Өткен бірнеше жылда Сауд Арабиясы  басшыларының бір-біріне қайшы амалдары мен сөздерін байқауға болады. Адел бен Джубейрдің Иран туралы сөздері Сауд әулетінің ұстанымдарының бір бөлімін  қайталау болып табылады. Алайда бұл ұстанымдар қайталанған сайын Сауд Арабиясы  көбірек әшкерелене түседі. Сондықтан саяси сарапшылардың көбі Сауд Арабиясын экстремизмнің бастау көзі деп санайды.

Американың танымал сарапшысы Ноам Чамски "Бүгінгі демократия" теларнасына берген сұхбатында Сауд Арабиясын әлемдегі экстремизмнің орталығы деп атап: "Сауд Арабиясы лаңкестерді қолдаумен шектелмейді Бұл елдің діни қызметкерлері мен діни оқу орындары экстремистік көзқарастарды Сауд Арабиясы ықпал ететін барлық елдерге таратуда",- деді.

Негізінде Сауд режимі мен тәкфиршілердің экстремистік және басқыншы саясатының өрті олардың өздерін шырмады. Рияд АҚШ пен Британия және Израильдің мақсаттарына қызмет етуін тоқтатпай, аймаққа тыныштық  оралмайды.

 

                                                                                                                     

 

Тегтер