800 қалада АҚШ-та қару-жарақ иелену туралы заңға қарсы шерулер өтті
800 қалада АҚШ-тың Қару-жарақ иелену және қатігездік туралы заңына қарсы шерулер өтті.
"ParsToday" ақпарат агенттігінің CNN телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, АҚШ-тың түкпір-түкпірінде қару-жарақ ұстау және содан туындайтын қатігездік туралы заңына қарсы шерулер Вашингтон, Филодельфия мен Флориданың Паркланд қалаларынан басталды.
Осы хабар бойынша, жалпыхалықтық шерулердің ұраны "Жанымыз үшін жиналдық" болған. Наразылар Конгрестен адам өміріне маңыздылық беру мен елдегі қару-жарақ ұстау заңына қатысты тиісті шара қолдануды талап етті.
Шерулердегі наразылардың көбін АҚШ-тың әртүрлі оқу орындарының студенттері мен оқушылары құрады. Олар әрдайым ыстық қару ұстаудан туындайтын шабуылдардың нысанасына айналып келеді.
CNN телеарнасының хабарлауы бойынша, наразылықтарға тілеулестік ретінде АҚШ-тың іші мен сыртындағы 800 қалада, соның ішінде Лондон мен Мадридте, Париж бен Токиода, Сеул мен Сиднейде наразылық шерулері өтті.
Сонымен қатар CNN телеарнасы жуырда жүргізілген сауалнама бойынша америкалықтардың жартысынан көбінің елдегі қару-жарақ иелену заңына өзгеріс енгізуді қолдайтынын хабарлады.
Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Норк орталығының сауалнамасы америкалықтардың 69 пайызы АҚШ-тың қару-жарақтарға қатысты заңдарының күшейтілуі қажеттігін қолдайды.
Трамп қару-жарақты бақылау заңына қарсылық білдіргенге дейін АҚШ-тағы Ұлттық қару-жарақ қоғамы осы ел басшысының аталмыш заңды қолдау туралы шарасын жарнамалық акция деп атаған болатын.
Трамп – АҚШ-тағы қару-жарақ лоббиінің ең ірі демеушісі. Ол әрдайым осы елде қару-жарақ өндірушілер мен сатушылардың мүддесін қолдап келеді.