Ақ үй: Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуға әзір
(last modified Tue, 27 Mar 2018 17:44:49 GMT )
Нау 27, 2018 23:44 Asia/Almaty
  • Ақ үй: Трамп

Ақ үйдің ақпарат хатшысы егер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына АҚШ үкіметі көздеген өзгеріс енгізілмесе, Вашингтонның осы халықаралық келісімнен шығатынын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ақ үйдің ақпарат хатшысы Радж Шах дүйсенбі күні кешке: "АҚШ Президенті Дональд Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын ең нашар келісімдердің бірі санайды. Трамп Конгресс деңгейінде де, еуропалық серіктестермен әріптестікте де "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына өзгерістер енгізілуіне табандылық танытып отыр",-деп баса айтты.

Израильдің 10-шы арнасы да дүйсенбі күні түстен кейін Беньямин Нетаньяхудың басып алынған Құдста Германия Сыртқы істер министрі  Хейко Маас пен Франция Сыртқы істер министрі  Жан-Ив Ле Дрианмен кездесуінде егер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына айтарлықтай өзгеріс енгізілмесе, Трамптың 2018 жылдың 12 мамырында осы халықаралық келісімнен шығатынын жариялағанын хабарлады.

Нетаньяху осы кездесуде Трамптың шарттарын, соның ішінде ядролық келісімді Иранның қорғаныс және зымырандық бағдарламасымен байланысын, Иранның әскери нысандарына ешбір шектеусіз қолжетімділікті, Иранның уранды байытуына қойылған шектеу мерзімін алып тастауды қайталап: "Осы шарттар орындалмаса, АҚШ ядролық келісімнен шығады",-деп қуаттады.

Осындай жағдайда АҚШ-тың 118 саяси және әскери тұлғасы ортақ мәлімдеме жариялап, осы елдің Президенті Дональд Трамптан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалуды сұрады.