Теһран мен Баку арасында еркін сауданы орнату – экономикалық қатынастарды дамыту жолындағы қадам
(last modified Thu, 29 Mar 2018 16:38:50 GMT )
Нау 29, 2018 22:38 Asia/Almaty
  • Теһран мен Баку арасында еркін сауданы орнату – экономикалық қатынастарды дамыту жолындағы қадам

Иран мен Әзірбайжан республикаларының президенттері Теһран – Баку қатынастарының қарқынды даму үдерісін қолдап, осы қатынастарды бәрінен бұрын қызығушылық танытып отырған барлық салаларда кеңейтуге мүдделі екендіктерін баса айтты.

Иран президенті Хасан Рухани Бакуде өткен Иран мен Әзірбайжан Республикасының жоғары лауазымды делегацияларының ортақ отырысында Теһран мен Баку арасындағы ортақ ынтымақтастықтардың дамуына ризалық білдіріп: "Рашт-Астара темір жол жобасы шеңберіндегі Солтүстік-Оңтүстік транзиттік бағыты Иран, Әзірбайжан Республикасы, аймақ елдері мен тіпті Азия, Еуропа мен Африка елдері үшін әлдеқайда қолайлы, арзан әрі қысқа болмақ. Бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықтардың аймақ пен әлем елдері үшін пайдалы екенін көрсетіп отыр. Иран мен Әзірбайжан арасында еркін сауданы орнату да екі елдің экономикалық қатынастары деңгейін көтеру жолындағы қадам болмақ",- деді.

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев те Иран мен Әзірбайжан Республикасының Каспий теңізіндегі энергетика мен Рашт-Астара темір жолы секілді жобалардағы ортақ белсенділіктерінің сенім мен құрмет негізінде қалыптасқан екі мемлекет арасындағы қатынастарды бұрынғыдан бетер нығайта түскенін айтты.