Иран Сауд Арабиясының Теһранға қарсы айыптауларына қатысты реакция білдірді
БҰҰ-дағы ИИР-ның өкілі Сауд Арабиясының Иранды Йеменнің "Ансаролла" қозғалысының Риядқа зымырандық шабуылында рөл атқарғанына негізделген айыптауларын негізсіз деп атап: "Бұл айыптаулардың мақсаты қоғамдық пікірдің назарын Йемендегі саудиялық режим қылмыстарынан бұрмалау болып табылады"- деді.
Ғоламали Хошру бейсенбі күні БҰҰ-ның бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесі басшысына жолдаған хатында Сауд Арабиясының йемендік "Ансаролла" қозғалысының Риядқа жасаған зымырандық шабуылында Иранның рөл атқарғанына негізделген айыптауларына қатысты наразылық білдіріп: "Бұл айыптаулар мен қоқан-лоққылар БҰҰ-ның қоқан-лоққы жасау мен күш қолдануға тыйым салу туралы жарлығына қайшы келеді",- деді.
Хошру Йеменнің Сауд Арабиясы күштері тарапынан қоршауға алынуына тоқталып, Йеменге баллистикалық зымыранды заңсыз сату туралы уәжді негізсіз деп атап: "Сауд Арабиясы басшылары тарапынан тағылған айыптардың мақсаты қоғамдық пікірдің назарын Йемендегі қылмыстарынан бұрмалау болып табылады",- деді.
БҰҰ-дағы ИИР-ның өкілі сондай-ақ Сауд режимінен өзінің аймақтағы тұрақсыздық тудырушы саясаттарын, әсіресе Йеменде ашаршылықтың пайда болуына соқтырған әскери араласушылық әрекеттерін доғаруды сұрады.