АҚШ, Франция және Ұлыбритания – Сауд режимінің Йемен соғысындағы сыбайластары
https://itolqyn.com/news/world-i35844
БҰҰ-дағы ИИР-ның өкілі Сауд Арабиясының Иранға Йеменге қару жіберу туралы айыптаудағы мақсатын қоғамдық пікірдің назарын саудиялық басқыншы коалицяның Йемендегі қылмыстарынан бұрмалау деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 30, 2018 22:24 Asia/Almaty
  • АҚШ, Франция және Ұлыбритания – Сауд режимінің Йемен соғысындағы сыбайластары

БҰҰ-дағы ИИР-ның өкілі Сауд Арабиясының Иранға Йеменге қару жіберу туралы айыптаудағы мақсатын қоғамдық пікірдің назарын саудиялық басқыншы коалицяның Йемендегі қылмыстарынан бұрмалау деп атады.

Ғоламали Хошру бейсенбі күні БҰҰ-ның Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің басшысына жолдаған хатында Сауд Арабиясының йемендік "Ансаролла" қозғалысының Риядқа жасаған зымырандық шабуылында Иран рөл атқарды деген айыптарын негізсіз деп атап: "Сауд Арабиясының Иранға қарсы уәждерін қолдап отырған Қауіпсіздік кеңесінің үш тұрақты мүшесі Арабстанға құны миллиардтаған долларды құрайтын қару-жарақ сатуда. Олардың  қарулары йемендік бейбіт тұрғындарға қарсы қолданылып жатыр",- деді.

Осы мәселеге қатысты Франция президенті Эммануэль Макрон партиясының мүшесі Себастьен Надот бірнеше күн бұрын Reuter ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Франциялық қару-жарақтар Сауд Арабиясына сатылып, олар йемендік бейбіт тұрғындарға қарсы қолданылып жатыр деген мәселе көтеріліп отыр", -деді.

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад Бин Салманның АҚШ-тағы саяси және үгіт-насихаттық қойылымымен бір мезгілде бұл ел Франция және Ұлыбританиямен бірігіп, саудиялық мұнайдан түсіп жатқан долларларды иемденуге кепілдік алу мақсатында йемендік "Ансаролла" қозғалысының жуырда Риядқа жасаған зымырандық шабуылына Иранның қатысы бар деп айыптады. Бұл қозғалыс наурыздың соңғы аптасында Сауд Арабиясының түрлі аймақтарына зымыранмен шабуылдар жасады.

Төртінші жылға созылған Сауд Арабиясының Йемендегі соғысы әртүрлі тұрғылардан Рияд үшін қыруар шығын әкелді. Алайда ол іс жүзінде соғыстағы өзінің саяси мақсаттарына қол жеткізе алмады. Ұлыбританиялық The Times басылымы жуырда: "Сауд Арабиясының Йемен соғысындағы күнделікті шығыны 200 миллион долларды құрайды. Бұл Арабстанның соңғы үш жылдың ішінде 216 миллиард доллар шығынға ұшырағанын білдіреді",- деп жазды.

Саудиялық коалицияның Йемен соғысында сәтсіздікке ұшырауы Йеменнің "Ансаролла" қозғалысының бұл елді жан-жақты қоршауға алуға қарамастан Сауд Арабиясының стартегиялық нысаналарына, соның ішінде Риядқа қарсы зымырандық шабуыл жасаған кезде айқынырақ байқалып, Мұхаммад Бин Салман мен Риядтың қару-жарақпен қамтамасыз етуші серіктестерін қиындыққа ұшыратты.

АҚШ, Франция мен Ұлыбританияның Йеменде саудиялық режимнің соғыс құралдарын қару-жарақпен қамтамасыз етудегі рөлі тек осы режимге қару сатып, ақша алу мақсатында ғана жалғасып жатыр. Күнде жаңа аспектіге ие болып жатқан Сауд әулеті режимінің Йемендегі қылмыстары өздерін адам құқығының қорғаушылары деп айтатындардың емес, Арабстанның Йемендегі сыбайластарының  мәселесі саналады. Бірақ Иран жауапты ел ретінде Йемен дағдарысын саяси жолмен шешуге талпыныс жасаумен қатар қоғамдық пікірге саудиялық режимнің Йемендегі қылмыстарын ашық айтты. Дәл осы әрекет АҚШ, Ұлыбритания мен Францияны Сауд режимімен бірігіп, қоғамдық пікірдің назарын Йеменде орын алып жатқан қылмыстар мен әлемдегі ең жаман адами апаттан бұрмалау мақсатында Иранға қарсы негізсіз айып тағуға итермеледі.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми бейсенбі күні Иранның Йеменге қару-жарақ жібергені туралы жалған уәждердің қайталануының Иранның әлемдік қоғамдық пікірді Арабстанның Йеменде жүргізіп жатқан соғысын ашық түсіндірудегі еркіне еш әсер етпейтінін баяндап: "Сауд Арабиясына қару-жарақ экспорттаушы мемлекеттер саудиялық қырғи ұшақтардың Йемен халқына шабуыл жасауын өзін-өзі қорғау әрекеті санайды. Себебі, Йемен соғысы Арабстанға қару экспорттаушы елдердің экономикасы үшін мол табыс түсірді",- деді.

Йемен соғысында Сауд Арабиясына қолдау көрсету тек оған қару-жарақ сатумен шектеліп қалмай, басқа да түрлі кезеңдерді қамтиды. Соңғы күндері Мұхаммад Бин Салманды қонақ етіп күткен мемлекет Арабстанға қару-жарақ сатудан жоғарырақ рөлді атқарып отыр. АҚШ Арабстанды қару-жарақпен қамтамасыз етуімен қоса, Йемен соғысында саудиялық қырғи ұшақтарға нысаналардың координаттарын ұсынып, оларды отынмен қамтамасыз етуді де өз мойнына алған. Осы мәселеге қатысты Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні АҚШ-тың Йемен соғысына араласу әрекетін айыптап, АҚШ-тың Йеменде орын алған әлемдегі ең ірі адами апатқа қатысын адам сенгісіз деп сипаттап: "АҚШ – Йеменде орын алған әлемдегі ең ірі адами апаттағы Сауд әулетінің негізгі сыбайласы", -деді.