Әлиев Иранмен ортақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттігін қуаттады
(last modified Sun, 01 Apr 2018 12:04:41 GMT )
Сәу 01, 2018 18:04 Asia/Almaty
  • Әлиев Иранмен ортақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттігін қуаттады

Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев Бакудің ИИР-мен ортақ инвестиция жобаларын жүзеге асыруға әзірлігін мәлімдеді.

Ильхам Әлиев Иран мен Әзірбайжан арасындағы ортақ инвестициялық жобалардың екі ел үшін де пайдалы екенін айтып, ирандық бизнесмендер мен мердігерлерді осы елде жұмыс істеуге шақырды. Әзірбайжан президенті елінің Иранмен қатынастарының жоғары деңгейде екенін, жақсы қатынастарының аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығының факторына айналғанын айтты. Әлиев сондай-ақ Иран мен Әзірбайжан арасындағы темір жол желісінің іске қосылуына сілтеме жасап: "Бұл шара «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізін іске қосуда өте маңызды рөл атқармақ. Екі ел де бұл жобадан үлкен экономикалық табысқа қол жеткізеді. Әзірбайжан мен Иранның сауда-экономикалық ынтымақтастықтары тек екі жақты түрде ғана емес, сондай-ақ көп жақты форматта да жалғасын табады",- деді.

 

 

 

Тегтер