АҚШ Израильге палестиналықтарды өлтіруге рұқсат берді
АҚШ Қауіпсіздік кеңесінің "Ұлы қайтару" шеруін басып-жаныштауды айыптау туралы мәлімдеме жариялауға кедергі жасады. Қауіпсіздік кеңесі сенбі күні таңертең шеруге қатысты жайттарды қарастыру мақсатында отырыс өткізіп, бұл шеруді басып-жаныштау әрекетін айыптайтын мәлімдеме шығаруды көздеген еді. Алайда АҚШ-тың наразылық білдіруі мен оның сионисттік режимді қорғауы мәлімдеменің қабылдануына тосқауыл болды.
АҚШ Қауіпсіздік кеңесінің "Оралу" шеруін басып-жаныштауды айыптау туралы мәлімдеме жариялауына кедергі жасады. Қауіпсіздік кеңесі сенбі күні таңертең шеруге қатысты жайттарды қарастыру мақсатында отырыс өткізіп, шеруді басып-жаныштау әрекетін айыптайтын мәлімдеме жарияламақ болған. Алайда, АҚШ-тың наразылық білдіруі мен оның сионистік режимді қорғауы мәлімдеменің жариялануына тосқауыл болды.
БҰҰ-ның бас хатшысы Антонио Гуттериш жұма күні Газа секторында орын алған оқиғаларға тез арада тәуелсіз тергеу жүргізуді сұрады. Жұма, наурыздың отызы күні "Жер күнімен" бір мезгілде Газа секторында тұратын палестиналықтар ХАМАС қозғалысының шақыруымен Газа секторы мен басып алынған Палестина шекарасында "Оралу" атты үлкен шеру ұйымдастырды. Шерудің толығымен бейбіт сипатта болғанына қарамастан, сионистік режимнің әскерилері шерушілерге қарсы түтіндеткіш және көз жасаурататын бомбаларды пайдаланды. Соның салдарынан 16 палестиналық шәһид болып, 1400-ден астам адам жарақат алды.
Палестина автономиялық құрылымының Қауіпсіздік кеңесіндегі өкілі Рияд Мансур израильдік күштер палестиналықтарға қарсы қатыгез қылмыс жасады деді. Газа секторында тұратын палестиналықтарды қатігездікпен өлтіру оқиғасы әлемдік ауқымды наразылық тудырып, Кувейт өкілінің өтінішімен осы апатты зерттеу мақсатында Қаупісіздік кеңесінің отырысы өткізілді.
АҚШ өзінің әдеттегі схемасы бойынша, яғни Израильді шартсыз қолдап, оның қылмыстық әрекеттерін айыптайтын мәлімдеме жариялауға кедергі жасады. Үгіт-насихаттарында үнемі өздерін адам құқықтарының қорғаушысы етіп көрсететін, тіпті осы мәселе мен адамдар бостандығын сылтауратып, әлемнің түрлі жерінде әскери әрекеттерін жүзеге асыратын америкалықтар бүгін сионистік режимнің өз ата-бабаларынан қалған жерлерін қайтаруды талап ету мақсатында бейбіт шеру ұйымдастырған Палестина халқына қарсы қылмыстық әрекеттерін қорғауды қалай ақтамақ деген үлкен сұраққа жауап беруі тиіс. АҚШ 1948 жылы заңсыз сионистік режим құрылған сәттен бастап Израильдің негізгі қаржылай және әскери демеушісі болып келді. Тіпті, Барак Обама билігі кезінде Тель-Авивке 38 миллиард доллар көлемінде әскери көмек көрсету туралы келісімге қол қойылды. Дональд Трамптың билік басына келуімен Вашингтонның Израильге қолдау көрсету аясы кеңейе түсті. Трамптың Құдсты ресми түрде сионистік режимнің астанасы ретінде мойындауы мен АҚШ елшілігін осы қалаға көшіру туралы шешімі осының айқын белгісі саналады.
Бірақ, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Трамптың шешіміне қарсы қарар қабылдаған соң бұл режим мен оның негізгі әрі стратегиялық демеушісі, яғни АҚШ қысым мен оқшаулыққа ұшырады. Вена университетінің профессоры Хайнс Гратенердің айтуынша, Трамп үкіметі Израильдің қасынан табылып отыр.
Түрлі деректерге сәйкес, Вашингтонның жан-жақты қолдауына қарамастан қылмыскер сионистік режимнің әлемдегі беделі төмендеуде. Әсіресе, Израильдің палестиналықтардың жерін тартып алудағы ақтауға келмейтін әрекеттері мен адамның табиғи құқықтары, яғни өз отанына оралу және баспана иелену құқығын талап еткен оларды қатыгездікпен басып-жаныштауы Израильдің әлемде жалғыз қалу үдерісінің қарқынды дамуына себеп болды. Вашингтонның Қауіпсіздік кеңесінің мәлімдеме жариялауына кедергі жасау секілді әрекеті арқылы Израильді айыптау мен оның әлемдік деңгейдегі күннен-күнге артып келе жатқан оқшаулануына тосқауыл жасай алмайтындығы анық.