Путин: ДАИШ жеңіліске ұшырағанымен, өзінің бүлдіргі күшін сақтап қалды
(last modified Thu, 05 Apr 2018 03:18:51 GMT )
Сәу 05, 2018 09:18 Asia/Almaty
  • Путин: ДАИШ жеңіліске ұшырағанымен, өзінің бүлдіргі күшін сақтап қалды

Ресей президенті Мәкеуде өткен қауіпсіздік саласындағы жетінші конференцияда сөйлеген сөзінде: «ДАИШ лаңкестік тобы жеңілгенімен, өзінің бүлдіргі күшін сақтап қалғандықтан, әртүрлі елдерге шабуыл жасайды» деді.

«Рейтер» агенттігінің мәліметі бойынша, Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбі күні Анкарадан видео-конференция арқылы Мәскеу қауіпсіздік жетінші конференциясының ашылу рәсіміне арнаған жолдауында Сирияда ДАИШ тобының жойылуына сілтеме жасап, экстремистік басқа да ұйымдардың үлкен қатер екенін баса айтты.

Ресей президенті сөзінің жалғасында осындай жағдайда бірігіп, лаңкестікпен күресте қол жеткізілген жетістіктерді тұрақтандырып, қоқан-лоққының кеңеюіне тосқауыл жасайтын мүмкіндік әзірленуі үшін жан-жақты серіктестіктердің жаңа аялары туралы ойлану керектігін қуаттады.

Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу да Мәскеу Қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде: «Американың басшылығындағы халықаралық коалиция қалағанда Сириядағы лаңкестердің көзін оңайлықпен жоя алатын еді. Бірақ олар мұндай міндетті мойындарына алмады. Американың жетекшілігіндегі халықаралық коалиция тек Сириядағы жағдайды ушықтырып, сол елдегі өзінің құзырын күшейтуді көздеді. Бұл коалиция ықтиярындағы мүмкіндіктерімен Сирияда лаңкестермен күресе алмайды деген қабылдауға келмейді» деді.