Сәу 08, 2018 20:51 Asia/Almaty
  • Джон Келли Трампқа дауыс көтерді

Ақпарат құралдары Ақ үй аппаратының басшысы Джон Келлидің АҚШ Президентіне дауыс көтеріп, өзінің отставкаға кетуімен қорқытқаны туралы хабарлады.

Ақ үй аппаратының басшысы АҚШ Президентімен сөзге келіп, Ақ үй басшыларын өзінің отставкаға  кетуімен қорқытты.

Джон Келли Трамптың жеке және жалпы отырыстарда онымен қатынас жасау тәсіліне наразы. Трамп Ақ үйге келгеннен бері оның үкіметінің 20-дан астам мүшесі өз еркімен отставкаға кетті немесе міндетінен босатылды. Дональд Трамптың жанжалды сөздері мен әрекеттері және кейбір кездердегі әдепсіздігі америкалық саясаткерлердің көбінің Трампты АҚШ Президенті болуға лайық емес деп санауына себеп болды.  

 

 

Тегтер