Иран мен Уругвай қарым-қатынастарын дамыту қажеттігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i36128-Иран_мен_Уругвай_қарым_қатынастарын_дамыту_қажеттігін_қуаттады
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Уругвайдың Президенті Табаре Васкес екі елдің қарым-қатынасын барлық салаларда дамытып, тереңдету қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 12, 2018 15:48 Asia/Almaty
  • Иран мен Уругвай қарым-қатынастарын дамыту қажеттігін қуаттады

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Уругвайдың Президенті Табаре Васкес екі елдің қарым-қатынасын барлық салаларда дамытып, тереңдету қажеттігін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф осы кездесуде Иран мен Уругвайдың дәстүрлі әлі үздіксіз қатынасына тоқталып, өзара құрмет негізінде және екі елдің ынтымақтастығы үшін экономика саласында жақсы жағдайдың қалыптасқанына көңіл аударып, екіжақты әріптестікке әралуандық беру қажеттігін қуаттады.

Зариф, сондай-ақ, Уругвайдың МЕРКОСУР ұйымына төрағалық етіп жатқанын тілге тиек етіп, Иранның Уругвай және Бразилиямен әріптестік жасау арқылы осы ұйыммен көбірек байланысуын қалайтынын білдірді.

Банк, ауыл шаруашылығы, бөгет салу, іргелі ғылымға негізделген компаниялар   саласындағы әріптестік  Зариф пен Васкестің кездесуінде қарастырылған тақырыптардың қатарын құрады.

Иран Сыртқы істер министрі Уругвай Президентімен кездесер алдында екі елдің сауда форумына қатысып, Таяу Шығыс аймағындағы Иранның орны мен Уругвайдың  МЕРКОСУР ұйымындағы ерекше жағдайы екі елдің жан-жақты сауда әріптестігі үшін қолайлы мүмкіндік тудырғанын мәлімдеді.