Макрон: Сауд Арабиясымен Иранның әрекеттерін шектеуге келіскендерін хабарлады
Франция Президенті сейсенбі күні Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманмен жақтасып: "Париж Риядпен Иранның ықпалын арттыруының алдын алу қажеттігі туралы ұқсас пікірге ие",- деп қуаттады.
"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Эммануэль Макрон Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен өткізген ортақ баспасөз отырысында: "Париж бен Рияд "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына өзгерту енгізу туралы ұқсас пікірге ие, бірақ екі елдің халықаралық келісімді өзгерту туралы пікірлері өзгеше",- деді.
Мұхаммад бен Салман баспасөз отырысын Иранды айыптаумен бастап, Сауд Арабиясының ирандық азаматтарға жаны ашитыны туралы уәж айтты. Елі әл-Қаида мен тәкфиршілердің негізгі қолдаушысы болып отырған жағдайда Сауд Арабиясының тақ мұрагері «Иран лаңкестік топты қолдайды» деді.
Мұхаммад бен Салман "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты бос сөзін жалғастырып: "Иран бүгін бір-екі жылда атом бомбасын шығаратын жағдайға ие. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты Иранның кейбір міндеттемелерінің уақыты аяқталатын 2025-ші жылы тек бірнеше күннің немесе бірнеше сағаттың ішінде атом бомбасын шығаратын болады",- деді.
Мемлекеттері жыл сайын Сауд Арабиясына миллиардтаған долларларға қару экспорттайтын Британия, АҚШ және Франция басшылары Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен кездесуінде Сауд Арабиясының мұнайдан түскен долларларын елдеріне түсіру үшін оның Иранға қарсы дұшпандық ұстанымын қолдады.