Ресей БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде Сирияға қатысты төтенше отырыстың өткізілуін сұрады
Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі соғыстан бас тарту қажеттігін қуаттап, жұма күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Сирияға қатысты төтенше отырыстың өткізілуін сұрады.
Василий Небензя бейсенбі күні кешке сөйлеген сөзінде басты басымдықты соғыс қатерінен бас тарту деп атап: «Екінші басымдық – Ядролық қаруларға тыйым салу ұйымының делегациясын Дамаск пен Шығыс Ғутедегі Дума ауданына жіберіп, химиялық шабуылдың жасалған,жасалмағаны туралы зерттеу жүргізу",-деп қуаттады.
Бейсенбі күні БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Сирияға қатысты жабық жиналыс өткізді. Жиналыс нәтижесін аяқталды.
АҚШ, Франция мен Ұлыбританияның басшылары соңғы күндері Дума ауданына химиялық шабуыл жасалды деген сылтаумен өз елдерінің Сирияға әскери басқыншылық жасау ықтималы туралы хабарлады.
Думада орналасқан лаңкестер өткен сенбі күні Дамаскты осы ауданға химиялық шабуыл жасады деп айыптады. Бұл айыпты Сирия үкіметі теріске шығарды.