Трамп – әлемдегі бейбітшілікке төнген қатер
(last modified Fri, 13 Apr 2018 16:58:01 GMT )
Сәу 13, 2018 22:58 Asia/Almaty
  • Трамп – әлемдегі бейбітшілікке төнген қатер

АҚШ Президенті Дональд Трамптың әскери қуатты пайдалану туралы бірнеше рет жасаған қоқан-лоққысы әлемнің түкпір-түкпірінде алаңдаушылық тудырды.

Трамп Twitter-дегі жариялаған жуырдағы қоқан-лоққысында бірнеше мың ядролық оқтұмсыққа ие Ресейге қарсы: "Ресей Сирияға атылатын барлық зымырандарды жоямын деп отыр. Ресей, дайын бол! Жаңа, дамыған зымырандар жіберіледі",-деп жазды.

Батыс елдерінің басшылары Сирия мен Ресей үкіметтерін Сирияның Шығыс Ғуте қаласындағы Дума ауданына жасалған химиялық шабуылға қатысты санап, бұл екі елді жазалау керек де йді. Өткен бірнеше күнде Дональд Трамп Сирия мен Ресейге ауыр әскери операция жүргіземін деп бірнеше рет қоқан-лоққы жасады. Тіпті, кейбір болжамдар АҚШ-тың Шығыс Ғутеде жүргізуі ықтимал әскери операциясының Ресейдің Сириядағы позицияларын қамтуы мүмкін екендігін көрсетеді. Ресейдің Ливандағы елшісі Трамптың Twitter-дегі жаңа қоқан-лоққыларына дейін Сирияда ресейліктерді нысанаға алуға бағытталған кез келген талпынысқа кесімді түрде әскери жауап берілетінін ескерткен болатын.  Осындай хат алмасулар АҚШ пен Ресей арасында Сирияда тікелей әскери қақтығыстың болу ықтималдығына қатысты алаңдаушылық тудырды.

Дональд Трамптың әлемді үлкен соғыстың алдына тіреуі бірінші рет емес.  Бұдан бұрын Трамп Солтүстік Кореяға қоқан-лоққы жасап, бұл елге әлемде бұрын-соңды болмаған түрде шабуыл жасаймын деген болатын. Трамптың Солтүстік Кореяға қарсы қоқан-лоққыға толы сөзінде "от пен ашу" деген екі сөздің қолданылуы АҚШ-тың бұл елге ядролық шабуыл жасауға бел байлағаны деп түсінілді. Ол БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында сөйлеген сөзінде ондаған елдің басшылары мен жоғары лауазымды өкілдерінің алдында БҰҰ-ға мүше бір елге ядролық шабуыл жасаумен қоқан-лоққы жасады. Мұндай оқиға бұрын-соңды болмаған еді.

Енді Трамп Таяу Шығыстағы бір елге қарсы қоқан-лоққы жасап отырғанға ұқсайды. Бұл қоқан-лоққылар Сирияның шекарасынан асып, қабынып тұрған аймақта соғыс отын одан ары өршіте түседі деп болжануда.  Бұл аймақ АҚШ-тың 2001 жылы Ауғанстанға, 2003 жылы Иракқа әскер кіргізуі салдарынан соғыс пен тынышсыздық өртінде күйіп жатыр. Вашингтонның қолдауына сүйенген Сауд Арабиясының әскери басқыншылығы салдарынан Йеменде болып жатқан соғыс аймақтың қиыншылықтарын арттыра түсті. АҚШ-тың Сирияға тікелей кіруі немесе АҚШ пен Ресей әскерилерінің Сирияда қақтығысуы өртті ұзақ жылдар бойы лаулатып тұрмақ.

Сол себепті өткен күндерде көптеген тұлғалар Дональд Трамптың соғысқұмарлығының салдарларына қатысты ескерту жасады.

АҚШ-тың бұрынғы Президенті Джимми Картер: "Трамп Солтүстік Корея, Сирия немесе Ресеймен әскери қақтығысудан бойын аулақ салып, ешбір жағдайда ядролық шабуыл жасауға бармауы керек",-дейді.

Ресей Думасының төрағасы Вячеслав Володин Дональд Трамптың сөзін әлемде үрейдің тууына себеп болады деп сараптады.