Зариф: Тәжікстан халқы – ирандықтардың тілі мен діні бір бауырлары
ИИР Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні кешке Тәжікстандағы Иран елшілігі қызметкерлерінің арасында Теһран мен Душанбе қарым-қатынастарының тарихи екенін қуаттап, Тәжікстан халқын ирандықтардың тілі мен діні бір бауырлары деп атады.
"Меһр" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф ИИР-ның шетелдердегі, әсіресе тілі мен мәдениті бір Тәжікстандағы өкілеттіктері қызметкерлерінің маңызды рөліне тоқталып: «Екі елдің қарым-қатынасына мәдени және тарихи ортақ жайттар ерекшелік сыйлады» деді.
Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Тәжікстанның барлық, әсіресе экономикалық саладағы қарым-қатынастарының кеңеюін қуаттап, екі елдің достығын терең әрі кең ауқымды деп атады.
Зариф дүйсенбі күні Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесуінде екі елдің жан-жақты қарым-қатынастарын дамыту қажеттігін қуаттады.
Зариф дүйсенбі күні саяси делегацияны басқарып, Тәжікстан басшыларымен кездесіп, Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің 23-ші отырысына қатысу үшін Душанбеге келді.