Путин мен Назарбаев Сирияға жасалған әскери шабуылды айыптады
Кремль сейсенбі күнгі мәлімдемесінде Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы Сирия жөнінде сөйлескенін хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Кремль мәлімдемеде Путин мен Назарбаевтың АҚШ пен Франция және Британияның сенбі күні таңертең Сирияға жасаған әскери шабуылын айыптағанын қуаттаған.
Ресей мен Қазақстан басшылары АҚШ, Британия және Францияның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің келісімінсіз жасаған зымырандық шабуылының БҰҰ-ның Жарғысы мен халықаралық заңдар мен негіздерді әшкере бұзу екенін баса айтқан.
Эксперттердің көбі Сирия үкіметін химиялық қару пайдаланды деп айыптауын қоғамдық пікірді адастыру және Сирия армиясының лаңкестерге қарсы күресінің соңғы жеңістері туралы шындықты керісінше көрсету саласындағы талпыныс деп атады.