Йемен дағдарысына қатысты АҚШ пен Британияның сыбайластығы – ұят іс
БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі сейсенбі күні кешкі мәлімдемесінде Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысын бұл елдегі дағдарыстың күшеюінің факторы деп атап, Йемен дағдарысына қатысты АҚШ пен Британияның сыбайластығын ұят іс деп сараптады.
IRNА ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі мәлімдемесінде Қауіпсіздік кеңесінің сейсенбі күнгі отырысында АҚШ пен Британияның ИИР тағы айыптауына сілтеме жасап: "Вашингтон мен Лондон Иранға қарсы негізсіз айыптауларын қайталап, Йемен жағдайының апатқа тірелуіндегі рөлін жасырғысы келеді",- деді.
АҚШ пен Британия өкілдері бұл отырыста Иран Йеменге зымыран мен әскери жабдықтар жібереді деген уәж айтты.