Трамп пен әл-Джубейр Сирияға араб күштерін аттандыруды көздеуде
(last modified Wed, 18 Apr 2018 11:30:03 GMT )
Сәу 18, 2018 17:30 Asia/Almaty
  • Трамп пен әл-Джубейр Сирияға араб күштерін аттандыруды көздеуде

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр сейсенбі күні Риядтың "ДАИШ-ке қарсы күрес" коалицияның құрамында Сирияға күштерін аттандыруға дайын екенін хабарлады.

IRNА-ның саудиялық alekhbariya телеарнасына сүйеніп хабарлауынша, Сауд Арабиясы күштерінің Сирияға жіберілуі туралы әңгіме америкалық The Wall Street Journal газеті Трамптың араб күштерін өз армиясының орнына жіберуді көздеп отырғанын жариялаған кезде айтылып отыр.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі  бұдан бұрын өз күштерін лаңкестікпен күресетін коалицияның құрамында Сирияға жіберу туралы ұсынғанын баса айтты.

Сауд Арабиясы  Йемен соғысының батпағына шырмалып, ешбір мақсатына жетпеген жағдайда Сирияға күштерін аттандырып, аймақта жаңа ойын бастамақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер