Трамп сионистерді «Некбат» күнімен құттықтады
АҚШ Президенті Дональд Трамп Палестинаны басып алушыларды «Некбат» күнімен құттықтап, өз елінің елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіруге құлшыныс білдірді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп Twitter-дегі жеке парақшасында Құдсты басып алушыларды сионистік режимнің құрылғанына 70 жыл толуымен құттықтады. Бұл күн палестиналықтар арасында «Некбат» (Бақытсыздық) күні деп аталады.
Ол жолдауында: «Америкалықтардың ешбір жерде сионистік режимнен артық досы жоқ. АҚШ елшілігін келесі айда Тель-Авивтен Құдсқа көшіруді асыға күтіп отырмын»,-деп жазды.
Трамп 2017 жылдың 6 желтоқсанында аймақ пен әлемде ауқымды қарсылықтардың білдірілгеніне қарамастан, Вашингтоның Құдсты сионистік режимнің астанасы деп ресми түрде танығанын мәлімдеген болатын. Трамп, сондай-ақ, АҚШ Мемлекеттік департаментінен осы ел елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіруге дайындықты бастауды сұрады.
БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 20017 жылдың 21 желтоқсанында Құдсты қолдау туралы қарарды 128 оң, 9 қарсы және 35 қалыс дауыспен бекіткен болатын. Осы қарар бойынша, БҰҰ Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде ресми түрде танымайды.