Сәу 19, 2018 16:28 Asia/Almaty
  • Арақчи: ИИР-ның мүддесін бар күш-қуатымызбен қорғаймыз

Сейіт Аббас Арақчи Вашингтонның Теһран мен «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасына жауластығының Иранның мүдделеріне сызат түсіруіне жол бермейтіндігін айтып: «ИИР-ның мүддесін бар күш-қуатымызбен қорғаймыз»,-деді.

ИИР Сыртқы істер министрінің орынбасары сейіт Аббас Арақчи сәрсенбі күні Италияның астанасы Римде италиялық әріптесі Винченцо Амендоламен кездесіп,  Иранның ядролық келісімі туралы сұхбаттасты.

Аббас Арақчи Римде ИИР Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында қазіргі қысылтаяң жағдайда әртүрлі елдермен, әсіресе «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасы мен  халықаралық мәселелерге ерекше қатынасы бар Еуропа елдерімен көбірек байланыс ортанудың қажеттігіне тоқталып, Италия басшыларымен «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына қатысты жақсы келіссөздердің жүргізілгенін айтты.

Арақчи осы сұхбатта АҚШ үкіметінің 12 мамырда аталмыш бағдарламадан шыққан жағдайда Иранның реакциясы қандай болатыны туралы сұраққа: «АҚШ-тың ядролық келісімнен шығуы Иранның қатаң реакциясына ұшырайды. Теһранның кез келген жағдайға қажет дайындығы бар»,-деп жауап берді.

 

Тегтер