Лариджани Иран мен Шри-Ланка байланыстарын кеңейту қажеттігін қуаттады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Иран мен Шри-Ланка арасындағы түрлі салалардағы сауда байланыстарын кеңейтуге мүдделік танытты.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілсінің төрағасы Әли Лариджани бейсенбі күні Шри-Ланкада өткен Цейлон Сауда палатасы мүшелері мен Иран бизнесмендерінің сауда форумында екі ел қатынастарының тарихи және сауда-саттық байланысқа негізделгенін баяндап: "Иран мен Шри-Ланка әртүрлі кезеңдерде әрқашан достық қарым-қатынастарға ие болды. Тіпті, Шри-Ланкада ішкі қиындықтар болған кезде де Иран бұл елдің жанынан табылып, оған көмектесті",- деді.
Иранның заң шығарушы билігінің басшысы сауда-саттық байланыстарды кеңейтуде сауда палаталарының атқаратын рөлін өте маңызды деп бағалап: "Екі елдің саудагерлері мен бизнесмендері өнеркәсіптік және инженерлік-техникалық қызмет көрсету саласындағы қатынастарды кеңейту үшін көбірек талпыныс жасауы керек",- деп баса айтты.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы сәрсенбі күні Вьетнамға жасаған сапарының соңында парламенттік делегацияны бастап, Шри-Ланканың іс жүзіндегі астанасы Коломбоға келген болатын.