БҰҰ: Палестиналық балаларға қарсы оқ ату - масқарашылық
(last modified Sat, 21 Apr 2018 15:50:42 GMT )
Сәу 21, 2018 21:50 Asia/Almaty
  • БҰҰ: Палестиналық балаларға қарсы оқ ату - масқарашылық

БҰҰ-ның Таяу Шығыс істері жөніндегі үйлестірушісі жұма күні Газа секторында өткен шеру кезінде 15 жастағы палестиналық жасөспірімнің шәһид болуына білдірген реакциясында израильдіктердің палестиналық балаларды нысанаға алуын масқарашылық деп атады.

IRNА-ның мәліметі бойынша, Николай Младенов жұма күні кешке сөйлеген сөзігде бұл қатыгез әрекетке қатысты тергеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін баса айтты.

Мұхаммад Ибраһим Айюб атты 15 жастағы палестиналық жасөспірім жұма күні Газа секторының солтүстігіндегі Джабалия атты мекенде сионистік әскерилердің оқ атуы салдарынан шәһид болды.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі Ашраф әл-Құдра  жұма күні кешке: "Төртінші жұма қатарынан өткізіліп жатқан  "Оралу құқығы" атты шеру кезінде 4 палестиналық шәһид болып, 645 адам жараланды. Бұл төрт палестиналық сионистік әскерилердің оғынан шәһид болды",- деп мәлімдеді.