Помпеоның сөзі Иранға қарсы санкция салудың себебі жоқ екендігін көрсетті
https://itolqyn.com/news/world-i36366-Помпеоның_сөзі_Иранға_қарсы_санкция_салудың_себебі_жоқ_екендігін_көрсетті
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф жұма күні АҚШ-тың CNN арнасына берген сұхбатында: "АҚШ президенті Дональд Трамп тарапынан Мемлекеттік департаменттің басқарушы қызметіне ұсынылған үміткердің ИИР-ның ешқашан ядролық қару иеленуді көздемегенін мойындауы Иранға қарсы санкция салудың ешқандай себебі жоқ екендігін көрсетті",- деп баса айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 21, 2018 22:33 Asia/Almaty
  •  Помпеоның сөзі Иранға қарсы санкция салудың себебі жоқ екендігін көрсетті

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф жұма күні АҚШ-тың CNN арнасына берген сұхбатында: "АҚШ президенті Дональд Трамп тарапынан Мемлекеттік департаменттің басқарушы қызметіне ұсынылған үміткердің ИИР-ның ешқашан ядролық қару иеленуді көздемегенін мойындауы Иранға қарсы санкция салудың ешқандай себебі жоқ екендігін көрсетті",- деп баса айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф: "Қазір АҚШ қайтадан Иранға қарсы санкция жариялауды көздеп отыр. Себебі, ИИР ядролық қаруды иеленуді мақсат етіп отырған жоқ",- деді.

Майк Помпео бейсенбі, сәуірдің он екісі күні өзінің АҚШ Мемлекеттік хатшысы қызметіне біліктілігін қарастыруға арналған АҚШ Сенатының Сыртқы саясат жөніндегі комитетінің отырысында: "Иран ядролық келісімге дейін де ядролық қару мәселесіне жақындамаған. Менің білуімше, қазір де егер "Ортақ қадам" келісімі бұзылған жағдайда ирандықтардың атом қаруын жасауға бет бұратындығының ешқандай белгісі жоқ",- деп мәлімдеді.