Помпеоның сөзі Иранға қарсы санкция салудың себебі жоқ екендігін көрсетті
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф жұма күні АҚШ-тың CNN арнасына берген сұхбатында: "АҚШ президенті Дональд Трамп тарапынан Мемлекеттік департаменттің басқарушы қызметіне ұсынылған үміткердің ИИР-ның ешқашан ядролық қару иеленуді көздемегенін мойындауы Иранға қарсы санкция салудың ешқандай себебі жоқ екендігін көрсетті",- деп баса айтты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф: "Қазір АҚШ қайтадан Иранға қарсы санкция жариялауды көздеп отыр. Себебі, ИИР ядролық қаруды иеленуді мақсат етіп отырған жоқ",- деді.
Майк Помпео бейсенбі, сәуірдің он екісі күні өзінің АҚШ Мемлекеттік хатшысы қызметіне біліктілігін қарастыруға арналған АҚШ Сенатының Сыртқы саясат жөніндегі комитетінің отырысында: "Иран ядролық келісімге дейін де ядролық қару мәселесіне жақындамаған. Менің білуімше, қазір де егер "Ортақ қадам" келісімі бұзылған жағдайда ирандықтардың атом қаруын жасауға бет бұратындығының ешқандай белгісі жоқ",- деп мәлімдеді.