Тұрақты бейбітшіліктің негіздері: ИИР-ның көзқарасы бойынша
Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф "Тұрақты бейбітшілік" атты отырысқа қатысу үшін Нью-Йоркке сапармен барды. Бұл отырыс әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздік туралы көзқарастармен бөлісу үшін қолайлы мүмкіндік саналады.
Аймақтағы және әлемдегі шындықтар тұрақты бейбітшілікке қол жеткізудің қолдан жасалған қақтығыстардың себептерін зерттеп, БҰҰ-ның негізгі үш принципін, яғни бейбітшілік пен қауіпсіздік, даму және адам құқықтарын жүзеге асыратын әдісті қажет ететінін көрсетті.
Осы орайда әлемнің түрлі аймақтарындағы дағдарыстар мен бейбітшіліктің тұрақсыздығының себебі БҰҰ Жарғысындағы мақсаттар мен принциптерді бұзудан туындап отыр ма немесе бұл қиындықтардың себебін үстемшіл алпауыт елдердің ашкөздігінен іздеу керек пе деген деген сауалдар туындап отыр.
Шамамен үш ғасыр бұрын неміс философы Иммануил Кант өзінің кітабында тұрақты бейбітшілік орнатудың алғышарттарын баяндаған. Олардың қатарына күштеп тартып алу мен басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласуға тыйым салу жатады.
Қазіргі кезеңде әлемдік қақтығыстар мен дағдарыстардың басым бөлігі АҚШ пен оның батыс одақтастарының соғыс отын өршіту саясаттарынан бастау алады. Ауғанстан мен Ирак жерлерін басып алу және Құдсты басып алушы режимді сөзсіз қолдау осындай соғыс отын өршітуші саясаттардың қатарын құрайды. Жарты ғасырдан астам уақыттан бері Израильдің Палестина жерін басып алып, бес милионнан астам палестиналықты босқынға айналдыруы, Газа секторындағы палестиналықтарды қоршауға алуы мен оларды өлтіру аймақтағы тұрақты бейбітшіліктің жолында тұрған кедергілерге айналған.
Қазіргі заманның әлеуметтанушысы Гастон Бутуль соғыс пен бейбітшілікке анықтама беріп, былай дейді: "Бейбітшілік белгілі бір адамдар тобының өз тағдырына әмір ете алатын немесе басқаша айтқанда, саяси тұрғыдан тәуелсіз күйі саналады".
Қару-жарақтарға тыйым салу жөніндегі міндеттемелердің жүзеге аспауы, жаппай қырып-жою қаруларынан, әсіресе ядролық қарулардан туындайтын қауіпті жоюға бағытталған әлемдік талпыныстардың нәтижесіз болуы әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жолында тұрған басқа маңызды тосқауылдардың қатарына жатады. Лаңкестік те халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген шынайы қауіп-қатерлердің бірі. Бұл соңғы жылдардағы ащы тәжірибе аймақтағы кейбір әсірешіл үкіметтер мен режимдердің лаңкестікті өз мақсаттарына жетудің құралына айналдырған жағдайда орын алып отыр.
ИИР адами құндылықтар мен Ислам дінінің негіздеріне сәйкес, адамзат қоғамындағы соғыс пен текетірестің түп-тамыры ашкөздік, үстемшілдік пен адамдардың бір-бірінің құқықтарын бұзуынан туындап отыр деп есептейді. Оның пайымдауынша, тұрақты бейбітшілік орнату халықтардың бір-бірін құрметтеуі, зорлық-зомбылық көрсетуден аулақ болуы мен халықаралық міндеттемелерге берік болуымен тікелей байланысты. БҰҰ Бас Ассамблеясының 68-ші отырсында ИИР президенті Хасан Рухани тарапынан ұсынылып, қолдау тауып, Бас Ассамблея тарапынан бекітілген "Зорлық-зомбылық пен әсірешілдікке қарсы әлем" ұсынысы осы көзқарастың белгісі саналады.