"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы – Ослодан Нью-Йоркке дейінгі саяси келіссөздердің тақырыбы
(last modified Tue, 24 Apr 2018 16:01:46 GMT )
Сәу 24, 2018 22:01 Asia/Almaty

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының тағдыры осы күндері аймақ пен әлем деңгейіндегі пікірталастардың тақырыбына айналды.

Еуропа мен Америкада "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының тағдыры туралы көптеген келіссөздер мен пікірталастар өтіп жатқан жағдайда "Тұрақты бейбітшілік" жиналысына қатысу үшін Нью-Йоркке сапар шеккен Иран Сыртқы істер министрі Зариф Твиттердегі парақшасында: "Франция Президенті дұрыс айтады. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын ешқандай жобамен ауыстыруға болмайды. Дәл осы келісім немесе еш нәрсе. Еуропалық басшылар Дональд Трампты ядролық келісімде қалуымен бірге, келісімдегі өз міндеттемелерін орындауды бастауға жігерлендіруі керек",- деп жазды.

Өткен аптада Ослоға сапар шеккен Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Сейед Аббас Арақчи Норвегия Сыртқы істер министрі  Ине Эриксен Сёрейдемен кездесуінде: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы  бәрінен бұрын ядролық қаруды таратпау жөніндегі қауіпсіздік келісім. Сондықтан оны бұзу ядролық қаруды таратпау жүйесін бұзады",- деді.

Арақчи сондай-ақ, Норвегияның "Aftenposten" газетіне берген сұхбатында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының жаңа келіссөздерде талқыланатын келісім емес екенін қуаттап: "Егер АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шықса, оның тіректерінің бірі жойылатындықтан бүкіл келісімнің күші жойылады",- деп баса айтты.

АҚШ Президенті Трамп егер Иран мен "алтылық" тобы арасындағы ядролық мәселеге қатысты келісімге оның ойындағыдай өзгеріс енгізілмесе, белгіленген уақытта, яғни мамырдың 12-інде санкциялардың тоқтатылуына қол қойматыны және "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығатыны туралы ескертті. Трамп қисынсыз және халықаралық заңдарға қайшы шарт белгілеп, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының іске асырылуына кедергі жасап, міндеттемелерін орындаудан жалтарып отыр. Трамптың шарттарына Иранның әскери нысандарын аралау, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының кейбір баптарын өзгерту және Иранның зымырандық қорғаныс бағдарламаларына шектеу енгізу сынды мәселелер кіреді. Трамп осындай қисынсыз талаптарымен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын  нысанаға алынуда.

Британияның The Guardian газеті  өз мәлімдемесінде АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы келіссөздерін саңыраумен әңгімелескендей нәтижесіз сұхбат деп атады.

Брукингс зерттеу интситуты: "Ядролық келісімнің күшін жоюдың шығынын тек Иран ғана көрмейтінін, аталмыш келісімнің бұзылуының Иранның ядролық жұмыстарына қатысты сындарлы перспективаларды жойып, Атлант мұхитының екі тарапы арасындағы жарықты арттыратынын ұмытпаған жөн",- деп қуаттады.

Барлық ескертулерге қарамастан Трамп халықаралық келісімдердің жолын тығырыққа тіреді. Бұл ешкімнің мүддесіне сай емес. Ол жан-жақты  әрі БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі мен Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінде расталған келісім саналатын "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жалғастыру мүмкіндігін  дағдарысқа тіреуде.