Трамп: Иранға ядролық қару шығаруға рұқсат беруге болмайды
(last modified Wed, 25 Apr 2018 08:39:17 GMT )
Сәу 25, 2018 14:39 Asia/Almaty
  • Трамп: Иранға ядролық қару шығаруға рұқсат беруге болмайды

АҚШ Президенті сейсенбі күні Франция Президенті Эммануэль Макронмен Ақ үйде өткізген ортақ баспасөз отырысында Иранға қарсы уәждерін қайталады.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Дональд Трамп баспасөз отырысында Иранға ядролық қару шығаруға рұқсат бере алмайтынын қуаттап, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын тағы да «жаман келісім» деп атады. Трамп бұл уәждерін осы уақытқа  дейін БҰҰ мен осы ұйымның Қауіпсіздік кеңесі, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі сан рет Иранның ядролық жұмыстарын бейбіт мақсатты көздейтінін қуаттаған жағдайда айтып отыр.

АҚШ Президенті сондай-ақ Иранды аймақтағы тұрақсыздықтарға жауапты санап: "Иран лаңкестерді қолдайды",- деген уәж айтты.

Франция Президенті де Трамптың көңілінен шығу үшін: "Париж бен Вашингтон Иранның зымырандық қорғаныс бағдарламасы мен аймақтағы әсеріне шектеу қоюға қатысты ұқсас пікірге ие",- деп қуаттады.

ИИР АҚШ пен одақтастары қолдайтын Ирак пен Сириядағы лаңкестік топтарға қарсы күресу үшін аталмыш елдердің үкіметтерінің ресми шақыруымен оларға кеңесшілік қызмет көрсетуде. Осы мәселе Трамп пен Макронның көңілдеріне қош келмей отыр.

 

 

Тегтер