Путин: Батыстың шабуылдарының мақсаты лаңкестерге көмектесу болды
(last modified Wed, 25 Apr 2018 15:45:06 GMT )
Сәу 25, 2018 21:45 Asia/Almaty
  • Путин: Батыстың шабуылдарының мақсаты лаңкестерге көмектесу болды

Ресей президенті Батыстың Сирияға жасаған зымырандық шабуылын лаңкестерге жасаған көмек деп атады.

IRNA-ның хабарлауы бойынша Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбі күні Сочиде өткен әлемнің бес құрлығынан келген қауіпсіздік саласының жоғары дәрежелі басшыларының тоғызыншы отырысына жолдауында Франция мен Америка және Ұлыбританияның Сирияға жасаған зымырандық шабуылын сынға алып: «Сирияға жасалған заңсыз шабуыл лаңкестер мен әсірешілдер және трансұлттық қылмыскерлердің мүддесін көздеді. Бұл ұлттық қақтығыстар мен дағдарыстардың орын алуына соқтырады» деді.

Владимир Путиннің жолдауын саммитта оқыған  Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев әлемдік қауымдастықтың кейбір мүшелерінің қабылданған принциптер мен нормаларға көзжұмбайлық танытуға талпыныс жасайтынын айтты.

Жолдауда осы елдердің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің рұқсатынсыз әскери күштерге қосылып, халықаралық алауыздықтарды шешудегі маңызды құрал диалогқа мән бермейтіні айтылды.