Зариф: Шетелдік араласушылық Сирияда бейбітшілік орнатуды кейінге қалдырды
(last modified Thu, 26 Apr 2018 08:04:39 GMT )
Сәу 26, 2018 14:04 Asia/Almaty
  • Зариф: Шетелдік араласушылық Сирияда бейбітшілік орнатуды кейінге қалдырды

ИИР Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні Брюссельде Еуроодақтың Сирияға қатысты екінші конференциясында шетелдік араласушылықтың Сирияда бейбітшілік орнатуды кейінге қалдырғанын айтты.

Мұхаммад Джавад Зариф Сириядағы негізгі басымдықты атысты тоқтату бітімі деп атап: «Иран Астана үдерісін кепілдендіретін елдер ретіндегі Ресей және Түркиямен бірге Сирияда текетірестен ада аймақтарды кеңейтуге талпыныс жасап жатыр.

Бұл үдеріс мынадай түсінік негізінде қалыптасты: Сирия дағдарысын тек Сирия халқының басқаруындағы және ықтиярындағы жан-жақты шынайы саяси үдерісте Сирияның егемендігі, аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігіне толық құрметпен қарап, саяси жолмен  шешуге болады»,-деді. 

Зариф ИИР-ның бұдан бұрын Сирияны қайта жөндеу мақсатында Дамаскпен әріптестікті бастағанын айтып, Иранның осы салада басқа елдермен әріптестік жасауға дайын екенін айтты.

 

Тегтер