Макрон: Трамп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы ықтимал
Франция Президенті Эммануэль Макрон АҚШ-қа сапарының соңында осы елдің Президенті Дональд Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу ықтималын айтты.
Франция Президенті сәрсенбі күні Джордж Вашингтон университеті студенттерінің алдында Трамптың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шығу ықтималы туралы: «АҚШ Президенті қандай шешім қабылдайтынын білмеймін. Ол ішкі себептерге байланысты Иранның ядролық келісімінен шығуы ықтимал»,-деді.
Эммануэль Макрон АҚШ Президентінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын ең нашар келісім санайтынын айтып: «Дональд Трамптың бұл бағдарламадан шығуы – текетіресті күшейту стратегиясының бірі бөлігі. АҚШ Президенті – саудагер адам. Трамп өзі қалайтын шарттар аясында келісім жасауды көздейді»,-деді.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Ақ үйге кіре салысымен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын нашар келісім деп атап, оған өзгеріс енгізуді талап етіп келеді.