Путин батыстықтардың лаңкестерге жақтасып отырғанын қуаттады
(last modified Thu, 26 Apr 2018 13:40:46 GMT )
Сәу 26, 2018 19:40 Asia/Almaty
  • Путин  батыстықтардың лаңкестерге жақтасып отырғанын қуаттады

Ресей Президенті Владимир Путин сәрсенбі күні Сочиде қауіпсіздік саласындағы жоғары дәрежелі өкілдердің халықаралық жиналысына жолдауында АҚШ пен одақтастарының жуырда Сирияға жасаған шабуылына тоқталып: "Кейбір елдер күш қолданып, лаңкестердің мүдделерін қамтамасыз ету жолында әрекет етіп, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне көзжұмбайлық танытты",-деп қуаттады.

Оның айтуынша, бұл елдер халықаралық деңгейде танылған принциптер мен ережелерге немқұрайлы қарап, әскери күш қолдану арқылы БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін шетке ысыруға талпынып жатыр.

Путиннің батыстықтардың лаңкестерді қолдап-қолпаштап отырғанын тағы қуаттауы Батыс елдерінің, әсіресе АҚШ пен оның еуропалық одақтастарының Таяу Шығыста, соның ішінде Сириядағы амалдарының нәтижелері мен салдарларын назарға ала отырып айтылған. Бұл қолдау әдетте халықаралық заңдар мен ұйымдарды айналып өтіп,  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің рұқсаты берілмеген біржақты амалдар қалыбында атқарылып отыр. Шын мәнінде,  АҚШ пен оның еуропалық серіктестері қайшылықтарды шешу үшін диалог пен келіссөздер өткізуден бас тартып, өздерінің біржақты қатігез амалдарымен аймақтық және халықаралық сахнада әртүрлі көлемде тұрақсыздық пен бейберекеттіктің туындауына жағдай жасап отыр. Путиннің айтуынша, бұл жағдай тек лаңкестер, экстремистер мен трансұлттық қылмыскерлердің мүдделерін ғана қамтамасыз етіп, соңында жергілікті қайшылықтар мен дағдарыстардың артуына соқтырады. Мәскеудің көзқарасы бойынша, батыстықтардың терроризм құбылысына, соның ішінде оның тәкфирлік ағымына қатысты тәсілдері мен амал-әрекеттерінде айқын қайшылық бар. Лаңкестіктің таралуының басты себептерінің бірі Таяу Шығыстағы тәкфирлік лаңкестікке екіұшты қарау болды.  2011 жылдың қаңтар айынан бері араб әлемінде халықтық қозғалыстар пайда болғаннан кейінгі өзгерістер кейбір елдерде экстремизм мен терроризмнің қалыптасып, дамуына жағдай жасады. Бұл мәселе Сирияға қатысты расталып отыр. Бұл ел ДАИШ пен ән-Носрат сияқты қатігез лаңкестік топтардың экстремистік ойларының орындалатын алаңына айналды. Бұған қарамастан батыстықтар мен олардың араб одақтастары өз мүдделерін ілгерілетіп, мақсаттарына жету үшін тәкфирлік лаңкестікпен күресудің орнына  осы топтар мен басқа ондаған лаңкестік топты қолдауға кірісті. Нәтижесінде бұл топтар айтарлықтай күш жинап, қатігез лаңкестік әрекеттер жасады. Қазіргі таңда Сирияда лаңкестер үсті-үстіне жеңіліс тапқаннан кейін АҚШ пен оның еуропалық серіктестерінің  әртүрлі сылтаулармен  Сирияға шабуыл жасап, лаңкестерге жан-жақты қолдау көрсетуді көздеп отырғанына куә болып отырмыз.  Саяси сарапшы Иван Ипполитовтың айтуынша, АҚШ-тың соңғы жылдардағы мақсаты лаңкестік пен экстремизмді өзінің сыртқы саясатын ілгерілету үшін құрал ретінде пайдаланып, Таяу Шығыс елдерін әлсіретіп, экстремизм мен терроризмнің дамуына жағдай жасау болды. Мұнымен қоса, батыстықтар өздерінің біржақты әрекеттерімен тәкфирлік лаңкестіктің дамуы мен жалғасуына көмектесіп отыр. Путиннің көзқарасынша, кейбір елдер өз мүдделерін тәкфирлік экстремизм мен терроризмді сақтап, дамытуда деп санауын тоқтатпайынша әлемнің әртүрлі жерлерінде лаңкестіктің сақталып, дамуы жалғаса беретіні анық.